Британиялық кіші Крис Юбенк қазақстандық Геннадий Головкинге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe сайтына сілтеме жасап.

Крис алда GGG-мен жұдырықтасып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағысы келетінін айтты.

«Менің төбелескім келетін боксшылар тізімімде Головкин бірінші тұр. Мен онымен кездескім келеді. Мен оны жеңетінімді білемін. Бойымда Геннадиді жеңуге қажеттінің бәрі бар», - дейді Юбенк.

Еске сала кетелік, 2016 жылы қазақстандық пен британиялық жекпе-жек өткізуге тиіс болатын, алайда Головкин Кристің отандасы Келл Брукпен жұдырықтасты.

Айта кетелік, Головкин IBF титулын қорғауүшін Камиль Шереметамен жұдырықтасуы тиіс. Боксшы одан кейін мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет жекпе-жек өткізуге ниетті.

Сурет: mirror.co.uk.