Қазақстандық боксшы, жеңіл салмақтағы WBC International белбеуінің иегері Виктор Коточигов Prosports.kz сайтына сұхбат беріп, карантин кезінде уақытын қалай өткізіп жатқанын айтты.

- Виктор, карантин кезінде уақытыңыз қалай өтіп жатыр?

- Отбасыммен үйдемін. Кино көріп, кітап оқып жатырмын.

- Өзге боксшыларға қандай кеңес бересіз?

- Карантин кезінде үйде болып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғау бәрінен маңызды. Әрі отбасымызбен бірге болған осы уақытты бағалағанымыз жөн.

- Қалай жаттығып жатырсыз?

- Кез-келген жағдайда жаттығуды үзбеуге тырысамын. Жаттығу маған қуаныш сыйлайды әрі спорттық бабымды сақтауға көмектеседі.

- Осы жылға жоспарыңыз қандай?

- Мықты қарсыластармен жекпе-жек өткізіп, жеңіл салмақтағы үздік боксшылардың қатарына қосылғым келеді. Сонда чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндік туар еді.

Айта кетейік, Коточигов соңғы рет шаршы алаңға 16 желтоқсанда шықты. Алматыда өткен бокс кешінде отандасымыз аргентиналық Хавьер Хосе Клавероны жеңіп, WBC International титулын қорғап қалған болатын.

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

DAZN Головкиннің бес ірі жетістігін атады