Біріккен күрес әлемі (UWW) коронавирус пандемияcына байланысты кейінге қалдырылған немесе өтпейтін жарыстар туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1) Олимпиадалық іріктеу турнирлері 2021 жылы олар осы жылы өту керек болатын күндерде өткізіледі. Орындар да өзгермейді.

2) 30 маусымға дейін барлық UWW чемпионаттары алға жылжытылады.

3) 30 маусымға дейін жоспарланған қалған барлық чемпионаттар өтпейді.

4) 2021 жылы барлық жас мөлшерлеріне сәйкес келетін спортшылар іріктеу турнирлеріне қатыса алады.

5) 2021 жылы азаматтығын өзгертуге тыйым салынады.