«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиоланың анасы Долорс Сала Каррио Барселона провинциясында коронавирустан көз жұмды. Ол 82 жаста болатын, деп жазады Prosports.kz тілшісі.
«Клубпен байланысы бар әр адам осындай ауыр сәтте Пепке, оның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтады», - делінген «Манчестер Ситидің» Твиттердегі парақшасында.
Гвардиола «Манчестер Сити» тізгінін 2016 жылы ұстаған болатын. Оған дейін «Барселона» мен «Баварияны» жаттықтырған еді.
Комментарии