Халықаралық таеквондо федерациясы Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылуына орай әлем чемпионатының өту мерзімін өзгертеді.

2021 жылғы әлем чемпионаты мамыр айында Қытайдың Уси қаласында өтеді деп жоспарланған болатын.

Әзірге турнирдің нақты уақыты анықталған жоқ. Десе де, мамандар әлемдік доданы 2021 жылдың төртінші тоқсанына қалдырып отыр.

Ал коронавирус індетінің таралуына байланысты таеквондодан 2020 жылы өтетін жарыстар тегіс тоқтатылды.