Шанхай қаласындағы халықаралық автодром жарыс өткізу үшін есігін айқара ашты.

Коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезінде уақытша жабылған жарыс кешені қазір жабық жарыстарды өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Ал маусым айында трасса толықтай ашылуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, COVID-19 пандемиясына байланысты 19 сәуір күні өтуі қажет болған «Формула-1» кейінге шегерілген еді.