Prosports.kz пен QFantasy ұйымдастырған «Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирі жалғасып жатыр

Бұл турнир арқылы карантиннің аяқталып, ҚПЛ-дің қайта басталуын күтіп жүрген барша жанкүйер сүйікті ойынымен виртуалды режимде қауышып отыр.

Премьер-лигада бақ сынайтын 12 команда турнирдің бірінші кезеңіне қатысты, дауыс берудің нәтижесінде 6 команда келесі кезеңге өтті.

1/16 финалда жарыс жолынан шығып қалған екі үздік команданы қатарға қайта қосып, турнирдің екінші кезеңін ширек финалдан бастауға шешім қабылдадық. Бірінші кезеңде қарсыласынан төрт ұпай ғана аз жиналған «Тараз» бен өзге командалар арасында ең көп дауыс жинаған «Ертіс» турнирді жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, ойындар кубоктық режимде өтеді. Кездесу тағдырын бір ойын шешеді. Жеңімпаздарды сайт оқырмандары дауыс беру арқылы анықтайды.

Қарсыластар кездейсоқ түрде тартылған жеребе арқылы анықталады.

Өз таңдауыңызды жасаңыз! Бұл кезеңде дауыс беру 7 сәуірге дейін жалғасады.

Блог жаңартуларын қадағалап, Prosports.kz және QFantasy әлеуметтік желілеріне жазылыңыз.