Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова карантин кезінде қазақстандықтарды үйде отыруға шақырып, үйдегі жаттығуларының видеосын жариялады. Бұл туралы спортшы өзінің инстаграм парақшасында жазды. «Бұл сөз барлығын мезі қылса да тағы қайталаймын: үйде болыңыздар. Вирусты таратпау үшін барлығын жасайық. Жақындарымызды ойлайық»,- деді Рыпакова.
Естеріңізге салатын болсақ Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының алтын жүлде иегері. Пекин Олимпидасында күміс, Рио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған.
Комментарии