Халықаралық Олимиада комитеті 2020 жылғы Токио Олимпиадасын 2021 жылы өткізу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, Бүкіләлемдік жеңіл атлетика қауымдастығы (WA) мәлімдеме жасады.

«ХОК пен Жапония билігінің Олимпиада ойындарын 2020 жылдан 2021 жылға ауыстыру туралы шешімін World Athletics құптайды. Бұл – спортшылардың қалауы. Аталған қадам барлық спортшылар мен шенеуніктерге және еріктілерге аздаған үзіліс беріп, үлкен сенімділік сыйлайтыны анық. Бүкіләлемдік жеңіл атлетика қауымдастығы 2020 жылғы маусымды өз деңгейінде өткізу үшін бар күшін салады.

Бұл спортшылардың 2021 жылғы Олимпиада ойындарына алаңсыз дайындалуы үшін қажет. Сондай-ақ, біз ХОК-пен бірлесе отырып Олимпиадаға іріктеу турнирлерін жеделдетеміз және кез келген өзгеріс туралы жылдам хабарлаймыз. 2021 жылы АҚШ-тың Орегон қаласында өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына ауыстыру мәселесі де қарастырылуда», - делінген хабарламада.