Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі және жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов Игорь Рыбаков Youtube арнасында ұлының аралас жекпе-жектен тапқан қаржысы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, Хабиб - тәжірибесі жағынан бай адам. Ақша жағынан ма? Әлемде ақшасы көп адамдар көп. Шын мәнінде, менің ойымша, Хабибтің байлығы шамамен 100 миллион долларды құрайды», - деді үлкен Нурмагомедов.

Хабиб Нурмагомедов қазіргі уақытта UFC-нің жеңіл салмақты чемпиондық белбеуінің иегері ғана емес, сонымен қатар салмақ дәрежесіне тәуелсіз әлемдегі ең үлкен промоушнның үздік жауынгерлері рейтингінде екінші орынға ие.

Айта кетелік, Хабиб аралас жекпе-жекте 28 кездесу өткізіп, 28 жеңіске жетті, оның ішінде UFC аясындағы 12 айқас бар.

Оқи отырыңыз:

Хабиб: Фергюсон де, Конор да менің деңгейімде емес