Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду мансабында 1 миллиард доллар табыс тапқан тұңғыш футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

35 жастағы футболшы биыл жалақысының азайғанына қарамастан жуырда миллиард доллар межесін бағындырады. Осылайша Роналду спортшылардың ішінде гольфшы Тайгер Вудс пен боксшы кіші Флойд Мейвезерден соң 1 млрд доллар табыс тапқан үшіншісі болады.

Сондай-ақ жуырда теннисші Роджер Федерер 1 миллиард доллар тапқан алғашқы теннисші атанады деп күтілуде.