Коронавирус пандемиясының салдарынан уақытша тоқтаған ағылшын Премьер-Лигасы қалған матчтарын қайда өткізетінін ойластырып жатыр.

The Athletic басылымының мәліметінше, АПЛ-дың бір командасы чемпионатты Қытайда аяқтауды ұсынған. Қазір аспан асты елінде карантин режимі аяқталып, індеттің беті қайтқан.