Қазақстандық Virtus.pro киберспорт командасы тобының көшбасшысынан басым түсіп, ESL Pro League Season 11 турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Virtus.pro халықаралық OG командасы 17:19, 16:10, 16:13 есебімен ұтты.

Осылайша қазақстандық ұжым тобында бесінші орынға көтерілді. Шешуші матч Қытайдың TYLOO командасына қарсы өтеді.

Айта кетейік, Virtus.pro командасының сапында қазақстандық Тимур Төлепов, Алексей Голубев пен Дәурен Қыстаубаев бақ сынайды.