Футболдан Бельгия чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірақ бұл түпкілікті шешім емес. Бас ассамблея оны мақұлдауы керек. Алайда, ақпарат көздері мұның соңғы шешім көп кешікпей шығатынына күмән келтірмейді.

Бұл жағдайда «Брюгге» ел чемпионы атанады. Ал «Гент» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.