Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының өтетін күні белгілі болды. Олимпиадаға жолдама алып үлгерген бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев осы өзгеріс туралы өз пікірімен бөлісті.

– Ең бастысы бұл жағдай спортшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жасалғандықтан осындай шешім қабылданды. Жеке өз басым бұл өзгеріске оң көзқараспен қараймын. Өкініп, көңіл күй түсіруге ешқандай себеп жоқ және ешқандай спортшыға пайдасы жоқ. Сондықтан келесі жылға дейін қазіргі сәттегі форманы сақтап қана қоймай, оны күшейтіп, уақытымызды тиімді пайдаланғанымыз жөн деп санаймын, - дейді команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев.