Мексикалық Сауль Альварес пен британиялық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жектің өтпей қалу қаупі бар, деп хабарлайды Prosports.kz CNN en Espanñol-ға сілтеме жасап.

Альварес Билли Джо Сондерстің дау-дамай тудырған видеосынан кейін, онымен жұдырықтасуы мүмкін екенін іс жүзінде жоққа шығарды. Британиялық видеода тұрмыстық зорлық-зомбылықты насихаттаған. Ал бұлжағдай қазақстандық Геннадий Головкинке қол болып тұр. Ол мексикалықпен арадағы трилогияға жақындай түсті.

Бастапқыда «Канело» - GGG үшінші жекпе-жегі 2020 жылдың қыркүйегіне жоспарланған болатын.

Еске сала кетелік, қазақстандық боксшының қосалқы промоутеры Эдди Хирн Камил Шереметамен келіскендерін және польшалық былғары қолғап шебері Геннадийдің келесі қарсыласы болуы керек екенін айтқан.