Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ҰОК Instagram-парақшасында тікелей эфирге шығып, мұзайынға қашан оралатынын айтты.

Элизабет Тұрсынбаева елімізде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталса сәуір айының соңында не мамыр айының басында жаттығуын бастайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, коронавирусқа байланысты елімізде барлық спорт іс-шаралары мен спорттық нысандар қызметін тоқтатты.