Шаңғы акробатикасынан Қазақстан қыздар құрамасының лидері Жанбота Алдабергенова коронавирустық пандемияға байланысты жаттығу залына баруға мүмкіндік болмаса да, дайындықты үйде жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Үйде жаттығу құралдары жоқ. Бірақ 4 келі шаңғы етігі мен 6 келі шаңғы бар», - деп жазды Алдабергенова.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан билігі 16 наурыздан 15 сәуірге дейін елде төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай кезінде елдегі барлық бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде спорт жарыстары да тоқтатылды.