«Тоттенхэм» футбол клубы коронавирус пандемиясына байланысты 550 қызметкерін еңбек демалысына жіберді. Бұл туралы команда президенті Дэниэл Леви хабарлады. Оның айтуынша клуб осындай әрекет арқылы адамдардың жұмыс орындарын сақтап қалуға болады. Қызметкерлердің сәуір және мамыр айындағы жалақылары 20 пайызға қысқарады. Бірақ бұл шаралар футболшыларға қатысы жоқ. «Тоттенхэм» осындай қадамға барған екінші ағылшындық команда. Бірінші болып «Ньюкасл» осындай қадамға барған болатын.