«Галатасарай» футбол клубының бас бапкері Фатих Терим коронавирустан құлан таза айықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команданың вице-президенті Абдурахим Альбайракта вирустан жазылды. Екеуі де тапсырған тест коронавирус инфекциясынык жоқтығын көрсеткен. Олар жақын арада ауруханадан шығатын болады.

Фатих Терим баптайтын «Галатасарай» Түркия біріншілігінде 50 ұпаймен үшінші орында келеді.