Барша футбол жанкүйерлерінің сүйікті ойынын сағынып жүрегні сөзсіз. Әрі футбол маусымның қайта басталуын асыға күтуде. Футбол матчтары басталғанша жанкүйерлер үшін Қазақстан Премьер-лигасының онлайн турнирін бастауға шешім қабылдадық.

Турнир ойындары кубоктық режимде өтеді. Ал жеңімпаздарды сайт оқырмандары дауыс беру арқылы анықтайды.

Турнирдің алғашқы турының жеребесі тартылды. Сонымен, 1/16 финал жұптары төмендегідей:

Тараз - ЖетісуЕртіс - АстанаҚызыл-Жар - ОрдабасыҚайрат - ҚайсарКаспий - ОқжетпесТобыл vs Шахтер

Біз бастаймыз! Блог жаңартуларын қадағалап, Prosports.kz және QFantasy әлеуметтік желілеріне жазылыңыз.

Айта кетейік, бұған дейін Prosports.kz сайты жанкүйер назарына QFantasy жобасын ұсынған болатын. Әлем бойынша миллиондаған адамдар ойнайтын «фэнтези» ойыны жанкүйерлерді өз командасын жасақтап, менеджер ретінде жетістікке жетуге бастайды.

Қазақстан Премьер-лигасының «фэнтези» ойыны пайда болды