«Реал Мадрид» футбол клубы да ойыншылардың жалақысын қысқартуды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұған дейін корольдік клуб коронавирус пандемиясына қарамастан ойыншылар мен клуб қызметкерлерінің жалақысын толық төлейтінін айтқан.

Алайда кіріс көзінің тоқтаусыз азаюы мадридтік клбу басшыларының ойын өзгертті. Олар енді футбол және баскетбол командасының ойыншыларымен келіссөз жүргізіп көрмек.

Айта кетейік, «Реал Мадрид» клубында ойыншылардан бөлек 800 клуб қызметкері жұмыс істейді.