«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Педри Нидерландыда мансабын жалғастыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Marca-ның хабарлауынша, «Аякс» 17 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшарт жасасуға мүдделі. Қазіргі уақытта Педри «Лас-Палмаста» жалда ойнап жүр.

Өткен қыркүйекте «Барселона» Педриді «Лас-Палмастан» 5 миллион еуроға сатып алып, оны бір маусымға жалға берген еді.

Ағымдағы маусымда Педри Сегундада 26 матч өткізіп, 3 гол соқты.