«Барыстың» бұрынғы қақпашысы Доминик Граховина финляндиялық «Таппара» командасын ауысты. Ол туралы команданың ресми сайты хабарлады. Граховина жаңа командасымен екі жылдық келісімшартқа отырды. Ол 2011-2018 жылдар аралағында дәл осы «Таппара» құрамында ойнаған болатын. Граховина «Барыс» сапында 2018/19 жылғы маусымда өнер көрестті. Ол елордалық командада жалпы 26 кездесуге қатысып, 57 гол өткізген.