Шайба.kz порталының ақпаратына сәйкес ресейлік қақпашы Михаил Демидов «Алматы» хоккей клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әзірге Демидов мансабын қайда жалғастыратыны белгісіз. Биылғы маусымда 33 жастағы қақпашы алматылық команда сапында 34 кездесуге қатысқан. Демидов одан бөлек қазақстандық «Сарыарқа», «Торпедо» және «Арлан» хоккей клубтарында өнер көрсеткен.