«Барыс» хоккей клубы Скабелкаға жақсартылған келісімшарт ұсынып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда президенті Борис Иванищев Bestnews.kz сайтына берген жауабында Скабелкаға жақсартылған жаңа келісімшарт ұсынылғанын айтты. Бұл жолы да келісімшартты екі жылға ұсынып отыр.

Естеріңізге салатын болсақ Скабелка тек «Барысты» жаттықтырғысы келетінін айтқан. Ал ұлттық құраманы жаттықтырудан бас тартты. Скабелкаға ресейлік «Локомотив» хоккей клубы да қызығушылық танытуда.