«Бавария» футбол клубы «Лационың» қорғаушысы Луис Фелипені қатарына қосқысы келеді. 23 жастағы футболшыға одан бөлек «Барселона» қызығушылық танытуда.Ал итальяндық команда футболшыны жібергісі келмейді. Олар Луис Фелипеге жалақысын 2 миллионға дейін көтермекші болған. Қазіргі кезде футболшы ол сомадан әлдеқайда аз ақша алады. Трансфер құны 20 миллионға бағаланып отыр.