Уақытша тоқтап тұрған Ресей премьер-лигасы шілде айында жалғастырылуы мүмкін.

Лига басшылары маусымды шілде айының екінші жартысында жалғастыру мүмкіндігін қарастырып отыр. Егер сондай шешім қабылданса, келесі маусым қыркүйек айында басталады. Командаларға аптасына екі ойыннан өткізуге тура келеді.

Коронавирус пандемиясына байланысты Ресейдегі барлық спорттық шаралар уақытша тоқтап тұр.