«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Корбэн Найттың «Сібірге» қарсы матчта соққан шайбасы маусымның үздік он голының қатарына енді. Корбэн Найттың голы жетінші орын алды. Естеріңізге салатын болсақ «Барыс» коронавирусқа байланысты маусымды жалғастырудан бас тартқан болатын. ҚХЛ маусымды мерзімінен бұрын аяқтады.