«Барыс» хоккей клубы коронавирус пандемиясы кезіндегі «Үйде бол» челленджін қолдап, логотипін өзгертті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге салатын болсақ ҚХЛ маусымы 25 наурызда ресми түрде мерзімінен бұрын аяқталды. Коронавирусқа байланысты «Йокерит» және «Барыс» хоккей клубтары жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.