Дортмундтық «Боруссияның» ойыншысы Марио Гетце жазда командасын ауыстыруы мүмкін.

27 жастағы футболшының келісімшарты жазда аяқталады. «Боруссия» жартылай қорғаушыны командада қалдыруды жоспарлап отырған жоқ.

Дегенмен Марио Гетцеге қазірдің өзінде ұсыныс түсіп жатыр. «Байер» жазда футболшыны қатарына қосуға әзір екенін жеткізген.

Сондай-ақ футболшыға «Интер», «Милан» және «Наполи» командалары қызығушылық танытып отыр.