Коронавирустық пандемияға байланысты Англия чемпионаты 30 сәуір күні жалғаспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англия футбол лигасының (EFL) клубтарына коронавирустың өршуінен туындаған дағдарыс сәуірдің соңында маусымды жалғастыруға мүмкіндік бермейтіні туралы хабарланған. Маусымның жаңаратын күні келесі аптада Англия Премьер-лигасы өкілдерінің EFL клубтарымен кездескеннен кейін жарияланады деп күтілуде.

Бұрын хабарланғандай, Премьер-Лиганың қалған матчтары 1 маусымнан бастап алты апта бойы өткізілуі мүмкін.