«Реал Мадрид» клубы өзінің стадионын коронавируспен күреске қолдану мақсатында қолданысқа берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сантьяго Бернабеу» кез-келген қажетті заттарды немесе материалдарды сақтайды, содан кейін олар медициналық ұйымдарға таратылады.
Сондай-ақ, клуб ұйымдарды, әсіресе спортпен байланысты ұйымдарды өз ареналарын қолданысқа беруге шақырды.
Испанияда COVID-19 жұқтырудың шамамен 50 мың жағдайы тіркелді. 3500-ден астам адам қайтыс болды.
Комментарии