UFC баспасөз қызметі ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жекке арналған бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың жекпе-жегі 18 сәуірдегі UFC 249 турнирі аясында өтеді, ал оның өтетін орны кейін белгілі болмақ. Бұған дейін турнир Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді деп хабарланған болатын, бірақ штат билігі коронавирустық пандемияға байланысты барлық шараларды тоқтатты.

31 жастағы Нұрмагомедов - аталған промоушнның жеңіл салмақтағы чемпионы. Ол осы лигада 12 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. 36 жастағы Фергюсонның 12 жеңісі бар. Америкалық файтер соңғы рет 2012 жылы жеңілген.