Екі салмақ дәрежесі бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы коронавирус пандемиясына тасадан қарап тұрмайтынын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Twitter желісіндегі парақшасына Ирландия қазынасына індетпен күреске 1 миллион еуро аударатынын мәлімдеді. Жұлдызды файтер оған дәлел ретінде елдің қаржы министрі Паскаль Донохьюмен жазысқан хатын қоса жария етті.

«Мен бүгін бір миллион еуроға жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға шешім қабылдадым және оларды Ленстердегі барлық ауруханаға таратуды сұраймын. Бұл ең көп зардап шеккен өңір», – деп хабарлады МакГрегор.

Бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясынан 21 мыңнан астам адам көз жұмған.

Thank you sincerely for your message, Minister Paschal Donohoe. Here is my reply. pic.twitter.com/0NcnVgrKaA

— Conor McGregor (@TheNotoriousMMA) March 25, 2020