Беларусь Президенті Александр Лукашенконың әйгілі FIFA симуляторының 2021 жылға арналған нұсқасының мұқабасына суреті қойылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұның бәрі әрине, әзіл-қалжың ретінде жасалған. Себебі қазіргі кезде жер-жаһанда футбол турнирлерінің барлығы коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап, тек Беларусьте ғана ұлттық чемпионат жалғасып жатыр.

Ал Ресей құрамасының шабуылшысы Артем Дзюба бұл суретті Instagram аккаунтындағы «сториз» бөліміне жариялап, «Бұл бомба» деп жазды.