«Висла» (Краков) клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Георгий Жуков елді карантин кезінде үйде болуға және спортпен шұғылдануға шақыратын челленджге қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Георгий алдымен өзінің жаттығуларын жасап, артынша басқа да атақты спортшыларды жарысты жалғастыруға шақырды.