Ресейлік «Оренбург» футбол клубы коронавирустық пандемияға байланысты жаттығуды тоқтатты.

«Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты Орынбор облысы бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, «Оренбург» жаттығу процесін 25 наурыздан бастап тоқтатады. Футболшылар Орынборда қалып, бапкерлер құрамының нұсқауы бойынша жеке жаттығады», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Оренбург» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсетеді.