UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек Ресейде өтуі мүмкін. Бұл туралы Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов айтты. «Неге Ресейде өткізбеске ? Бізде мұндай жекпе-жекті өткізуге болатын қалалар бар. Ресейде өзге елдерге қарағанда коронавируспен ауырушылар саны аз. Сол үшін бізде көрерменсіз жабық залда өткізуге болады. Біздің елде де көпшілік жиналатын іс-шаралар өткізуге болмайды»,- деді Абдулманап Нурмагомедов. Естеріңізге салатын болсақ Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі 18 сәуірдп өтуі керек. Әзірге қай жерде өткізілетіні белгісіз.