Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық файтер Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жегіне үй жағдайында дайындалады, деп хабарлайды Prosports.kz

Ол туралы Хабибтің әкесі Абдулманап айтты. Жақында ғана еліне оралған Нурмагомедов екі апта бойы үй карантинінде болуы қажет. Сол себепті Нурмагомедов үйінде жаттығуларын жалғастырмақ. Абдулманап Нурмагомедовтің айтуынша бәрі ойдағыдай болып жатыр. 1992 жылдан бері үйдің ішінде спортзал бар екен. Фергюсонға қарсы жекпе-жек 18 сәуірде өтуі керек. Әзірге қай жерде өтетіндігі белгісіз болып тұр.