Лионель Месси, Жерар Пике, Серджи Бускетс және Серджи Роберто коронавирустық пандемия кезінде жалақыларын төмендетуге келісті, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, өткен жұма күні «Барселона» басшылығы команданың капитандарымен жалақыны төмендету туралы сөйлескен. Ойыншылар бұл ұсынысқа қарсы болмаған.

Айта кетейік, коронавирустық пандемияға байланысты кіріс азайғандықтан, көптеген клубтар шығындарды азайтуға тырысып жатыр. Аталған індет кезінде көптеген елдің чемпионаты уақытша тоқтатылып, жарыстар кейінге қалдырылады.