«Реал» футбол клубының қорғаушсы Фернандестің бір туысқаны коронавирус індетінен қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ақпаратты Начоның інісі Алекс Фернандес мәлімдеді.

Оның айтуынша, отбасында бір қарт кісі коронавирус инфекциясын жұқтырып, содан көз жұмған.

Айта кетейік, Испанияда аталған індетпен 18 мың адам жұғымдалып, мыңнан аса адам бақилық болды.