Бразилиялық футболшы Роналдиньо өзінің 40 жас мерейтойын парагвайлық түрмеде тойлады. Роналдиньо Парагвай елінің аумағында жалған паспортпен ұсталып, түрмеге қамалған болатын. Жақында ғана Роналдиньо түрмедегі футбол турнирінде топ жарған еді. Футболшы Бразилияда салық төлеуден жалтарғандықтан елден шығу құқынан айырылған.