«Реал» футбол клубының бұрынғы президенті Лоренсо Санс 76 жасында коронавирустан көз жұмды.

Санс сегіз күн бойы ауырып, 17 наурызда ауруханаға түскен. Кейінірек Санстың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған болатын. 21 наурыз күні Санс коронавирустан көз жұмды.

Лоренсо Санс 1995 жылдан 2000 жылға дейін «Реал» футбол клубының президенті қызметін атқарған.