Қытайдың Чанчунь қаласында 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олиипиада ойындарының құрметіне мұз саябағы ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

China Daily хабарлағандай, саябақ желтоқсан айында небәрі екі айда салынған. Мұнда биіктігі 21 метрді құрайтын олимпиада факелі бар ғимарат пен ұзындығв 420 метрден тұратын сырғанақ орналастырылған. Аталған саябақты Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік және ең ұзын сырғанақ ретінде енгізуді көздеп отыр.