Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжғалиев COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай мен карантинге қарамастан, үйден шықпай-ақ дайындала беруге болатынын көрсетті.

Ол Инстаграм парақшасының «сториз» бөліміне кіші інісімен үйде жаттығуға болатын бірнеше жаттығуларды жариялады.