Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған Еуропа чемпионаттары жалғаса ма деген сұраққа УЕФА президенті Александр Чеферин жауап берді.

– УЕФА чемпионаттарды қазір аяқтап, бірінші орында тұрған командаларды чемпион танысын деп кеңес берді деген мазмұндағы жалған ақпаратты естідім. Бұл еш шындыққа жанаспайды. Біздің мақсат – чемпионаттарды жалғастырып, соңына деійн өткізу, - деді УЕФА президенті.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Еуропада Беларусь елінен басқа барлық мемлекеттерде ұлттық чемпионаттар тоқтатылды. Соның ішінде Қазақстан да бар.