Түркияның спорт және жастар министрі Мехмет Мухаррем Касапоглу елдегі футбол чемпионаты коронавирус індетіне байланысты тоқтатылатынын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, баскетбол және волейбол лигалары да уақытша тоқтатылған. Түркия Суперлига мен Беларуссия Чемпионаты Еуропадағы коронавирустық пандемияға қарамастан матчтарды өткізуді жалғастырған жалғыз лигалар болып қалған еді.

Қазіргі уақытта «Трабзонспор» (53 ұпай) Түркия чемпионатында көш бастап келеді, барлық командалар 26 матчтар өткізді. Түркия футбол матчтарын көрерменсіз өткізе бастаған алғашқы елдердің бірі болды.