19 наурыз күні Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Еуропа аймағындағы Олимпиадаға іріктеу турнирі өту керек болатын. Алайда, коронавирус қаупіне байланысты жарыс кейінге қалды.

COVID-19 вирусының әлемге кең таралғаны үлкен спортқа кері әсер етуде. Бүгінге дейін бірнеше әлемдік жарыстар тоқтатылды. Ал күрес түрлерінен Еуропадағы іріктеу турнирі сәуір айының соңына дейін өткізілмейді. Әлемдік іріктеу турнирі 30 сәуірге жоспарларған болатын. Алайда, бұл мерзім де алдағы уақытта өзгеріске ұшырайтыны сөзсіз.

Айта кетелік, сәуір айында өтуі тиіс күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі де белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.