Қазақстан құрамасының хоккейшісі Найджел Доус бақ сынайтын «Автомобилист» командасы бас бапкер Артем Мартемьяновпен қош айтысты,деп хабарлайды Prosports.kz.

Екатеринбургтік клуб қазірдің өзінде 56 жастағы ресейлік маманның орнына бапкер іздей бастады.

Еске салайық, 2019/20 тұрақты маусымының қорытындысы бойынша Мартемьяновтың командасы Шығыс конференция кестесінде төртінші орынға ие болды. «Автомобилист» плей-офф кезеңінің алғашқы сатысында-ақ жарыс жолынан шығып қалды.